Меморандум об оказании юридической помощи

Астанада «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Партия мен «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қосымша келісімге қол қою рәсімі өтті.
​Аталған шараға «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төғағасы мен өкілдері, Республикалық қоғамдық қабылдау, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті мен Заңгерік қызмет мамандары қатысты.
​Енді меморандум негізінде Қазақстан заңгерлер одағы «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, Астанадағы Республикалық қоғамдық қабылдауда әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға ақысыз әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін болады. Қазіргі уақытта осы бастаманы көтерген 6 компаниядан 30-ға жуық заңгер көмек көрсетуге даяр.
​Бастамашылардың бірі, VETO заңгерлік орталығының басқарушы серіктесі-директоры Серік Беркамалов «жағдайы төмен адамдарға көмектесу – әрбір заңгердің моральдық міндеті деп санаймыз» деген ойын жеткізді.
Атап өту керек, тегін заңгерлік көмек көрсету Қазақстанда бірінші рет қолға алынып жатыр. «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-ның төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, әзірше, қанатқақты жоба ретінде бұл жұмыс 3 ай бойы жүргізілмек. Бұл жұмыстың қорытындысы жасалған соң барып, аталған іс аймақтарда қолға алынбақ. «Заңгерлер одағының мүшелері қоғамдық қабылдауларға қатысып, көмекке мұқтаж адамдарға құқықтық тегін көмек көрсетпек. Яғни, қажет болса, талап-арыздарын жазып береді, сотқа да қатысады, тиісті мекемелерге дейін барып, істі аяғына дейін жеткізуге тырысады. Бұл қазіргі уақытта Еуропадағы «Pro bono» деп аталатын алдыңғы қатарлы жобалардың бірі. Негізі​оның тарихы тереңде жатыр деуге болады. Мысалы, Ресей патшалығы кезінде Федор Плевако деген мықты заңгер болған. Ол жағдайы төмен ауылдың адамдарына көмектесіп, үлкен істер жасаған. Бұл кезекте, Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасын еске салғым келеді, яғни әрбіріміз туған жерге көмек жасауымыз тиіс» дейді ол.
Негізі Партия қабылдау бөлмелерінде осы күнге дейін де «Қазақстан заңгерлер одағымен» бірлесіп, құқықтық көмекті қажет еткен азаматтарға ақыл-кеңестер беріп келген. Жаңа жобаның ерекшелігі – енді Меморандум негізінде заңгерлік көмек көрсетудің аясы кеңейіп отыр.
− Қазіргі келісімдегі ерекшелік – заңгерлік көмекті қажет ететін азаматтарға жан-жақты, толыққанды көмек көрсетілмек. Себебі Заңгерлік кеңселер мен жеке заңгерлердің көмегі қыруар қаражатты талап етеді. Ал оған бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді. Мәселен, патронаттық тәрбиедегі балалар, мүгедек жандар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылардың заңгер жалдауға қаражаты жетпеуі мүмкін. Осы тұрғыда, аталған жобаның маңызы зор. Бұл Астана қаласынан бастау алып, алдағы уақытта оны зерттей-зерделей келе, барлық облыс, қалалар мен аудандарда жүзеге асыруға мүмкіндік туады, − дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясында 241 жалпы қоғамдық қабылдау бар. Барлық облыс, аудандар мен қалалар қоғамдық қабылдаулармен қамтамасыз етілген. Онда тұрғылықты тұрғындар көкейтесті мәселелерімен келіп, арыз-шағымдарын, өтініштерін бере алады. Ал жаңа сипаттағы құқықтық көмек көрсету жұмысын Партия жұмысын қайта жаңғыртудағы алғашқы қадамдардың бірі деп есептеуге болады.
***

Партия «Нұр Отан» совместно с «Казахстанским союзом юристов» будет оказывать населению бесплатную юридическую помощь
Сегодня в центральном аппарате партии подписали Дополнительное соглашение к Меморандуму о сотрудничестве c Республиканским общественным объединением «Казахстанский союз юристов».
Как отметил секретарь партии «Нұр Отан» Каныбек Жумашев, «юридическая практика pro bono, когда частные юридические компании, проявляя социальную ответственность, на безвозмездной основе консультируют нуждающихся, появилась и получила широкое распространение в странах Европы. Впервые эта практика появилась в Казахстане на базе партии «Нұр Отан».
По словам председателя «Казахстанского союза юристов» Серика Акылбай, семь юридических компаний объединения будут оказывать бесплатную правовую помощь малоимущим слоям общества в общественных приемных партии «Нұр Отан».
Подобная юридическая поддержка предполагает не только консультации, помощь в составлении исков и заявлений в соответствующие органы, но и доведения дела до конца. К тому же, консалтинг будет оказываться как в центре, так и на местах, и людям из регионов необязательно будет ехать в столицу для получения квалифицированной правовой помощи.
Управляющий партнер Юридического центра «VETO» Серик Беркамалов подчеркнул, что принимая в учет ответственность перед обществом, юридические компании решили помочь людям, не знающих своих прав и нуждающихся в защите.
«Данная инициатива – это очень нужный и своевременный проект и одна из форм эффективного государственно-частного партнерства», — заключил он.

источник: Официальная страница партии Нур Отан  в Facebook

Астанада «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Партия мен «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлес…

Опубликовано Нур Отан 26 декабря 2017 г.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *